Мағжан Жұмабаевтың 130 жыл мерейтойына арналған «Жұлдызды жүзік, Айды алқа ғып берейін ...» (Мағжан Жұмабаевтың ғашықтық жырлары) әдеби кеш өтті.

17.03.2023

2023 жылдың 16 наурызында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері онкүндігі аясында Мағжан Жұмабаевтың 130 жыл мерейтойына арналған «Жұлдызды жүзік, Айды алқа ғып берейін ...» (Мағжан Жұмабаевтың ғашықтық жырлары) әдеби кеш өтті. Іс-шараның мақсаты: Ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың әдеби мұрасын құpмeттey. Ақын шығармалары арқылы студент бойында адамгершілік, сүйіспеншілік қасиеттерін, сезімдерін қалыптастыру, эстетикалық талғамдарын apттыpy, бірін-бірі бағалай білуге тәрбиелеу. Әдеби кеш барысында ғашықтық сезімнің сан алуан толқындарын өлең жолдарымен барша жұртты таңқалдырған, нәзік сезімнің ақыны Мағжан Жұмабаев өлеңдерін (Аймұқанов Дидар, Айтқожа Жанель, Мәжен Аңсаған, Байболова Индира, Орысбек Батыр, Елеукен Ақбота, Боғдат Сания, Сарсенова Айман) мәнерлеп оқыды. Шорман Қазына ақынның махаббат, адамгершілік қасиеттерді жырлаған өлендерінің жарық көруіне себеп болған оқиғаларға тоқталды. Валиева Асылжан мен Габдуллина Минсая Зылиқа Құрманбайқызы жайлы және ұлы ақынның өмірінен қызықты деректер мен мәліметтер айтты.Дюсембина Ұлдана ғашықтық сезімінің сан алуан толқындары: ұнату, құлай сүю, ұзақ уақыт сүйіспеншілік зарын тарту, айырылып күйзелу, тіл таба алмай торығу кезеңі бойынша психологиялық кеңестер берді. Айтқожа Жанель мен Тұңғышбай Айым махаббат жайлы әндер орындады. Колледж кітапханасы QR-код арқылы оқылатын Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесін ұйымдастырды. Ашық іс-шара соңында студенттер оқытушылармен бірлесіп «Кездесу мен қоштасу» әнін шырқады.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст